ChiGerEngKazRus

Карбохим Казахстан

Компания туралы

«Карбохим Казахстан» компаниясы өнеркәсіп және химиялық өнімдер нарығында осы саланың кәсіпқой мамандарының басын қосып 2003 жылдан бері белсенді жұмыс істеп келеді. Сол уақыттың аралығында «Карбохим Казахстан» компаниясы бұл нарықта тұрақты және негізгі орынды иеленіп, ресейлік және шетелдік іскерлік топтардың арасында корпоративтік басқарудың жоғары сапасын және бизнес жүргізудің замануи стандарттарын алға қойған ашық және тиімді компания ретінде танылды. Компанияның қызметі адалдық және сенімділік принциптеріне негізделген.

Сенімділік, қызметте қалыптасқан мәселелерді шұғыл арада шешу, ұқыптылық және компанияның икемді баға саясатында әрбір клиентпен жеке жұмыс жасау металлургия, отын-энергетикасы, химия, көлік, құрылыс және азық-түлік өнеркәсібі саласындағы ірі кәсіпорындармен ұзақ мерзімді және өзара тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік туғызды. Қазақстан мен жақын шетелдердегі жүздеген мекемелер біздің тұрақты клиенттеріміз саналады.

Компанияның химия және өнеркәсіп өнімдерін шығаратын көптеген зауыттармен көп жылғы байланысы қалыптасқан. Осының нәтижесінде біз көптеген өндірушілердің ресми дилері атандық. Біз Өскемен қаласындағы қоймалардағы өнімдерді ұсынамыз. Біз әрқашан өндірушілермен әріптестік байланысты кеңейтуге ұмтыламыз. Бұл ұсынған материалдардың бағасын арзандатуға және жеткізу мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді.

Біз саудаға шығаратын өнімдердің ассортименті әрқашан клиенттердің өтініші бойынша көбейтіліп отырады.

Инфрақұрылымның дамуы химия саласы өнімдерінің тапсырысын жекелей және сала бойынша жеткізуге мүмкіндік береді. Клиенттерімізге біз тауарды өз автокөлігімізбен, темір жол желісімен жеткізуді және жүктерді кедендік ресімдеу қызметтерін ұсынамыз.

Біз Сіздердің ұзақ мерзімді және өзара тиімді байланысқа бастайтын ұсыныстарыңызды қарастыруға әзірміз. Хабарласыңыздар, біз Сіздермен кездесуге және байланысуға әрқашан разымыз.

 © ТОО "Карбохим Казахстан"